Атырау көлік және коммуникация колледжінің 2023-2024 оқу жылында 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 1201113 – «Электр-механик» біліктілігі бойынша бітіруші түлектер академиялық дербестік білім беру бағдарламасы негізінде «WorldSkills» стандартына сүйеніп, демонстрациялық емтихан тапсыру аралық қорытынды аттестаттаудан өтті. Бұл арқылы бітіруші түлектің қабілетін, алған білімін анықтадық.
Сонымен қатар колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінен тәуелсіз сарапшылар шақырылды:
1. Бас сарапшы – Уразов Дархан Нұрбергенұлы, «Формула 7» ЖШС директоры.
2. Сарапшы – Жубанов Абат Бақытжанович, «Atyrau-Avtopark» ЖШС бас инженері.
3. Сарапшы – Салиев Алпамыс Маненович, «Дорвесстрой» ЖШС механигі.
4. Сарапшы – Сансызбаев Асхат Қабиболаевич, «Айкоркем» ЖК директоры.
5. Сарапшы – Болатов Телеу Болатұлы, «Royal Cars Atyrau» ЖШС цех шебері.
Демонстрациялық емтиханның нәтижесі серіктес мекеме үшін де, бітіруші түлек үшін де оң нәтиже береді. Сарапшылар бітіруші түлектерге жұмыс ұсынып, алдағы уақытта өңіріміздің экономикасының өркендеуіне өз үлестеріңізді қосыңыздар деген тілектерін де жеткізді.
@isb_atyrau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim_bolimi
@atyrau_bilim
#біртұтас_тәрбие
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2025-01-09-06-45-00/413-2025-01-10-06-26-39#sigFreeId6f43f47f93