Created: 29 Қазан 2019
2321

Колледж тынысы

Топтан тыс сабақ: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г. Шулгаубаеваның ұйымдастыруымен ТМ-1|23 тобының студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығын, шығармаларындағы сөз байлығын, тәрбиелік мәні зор еңбектері арқылы жастарды білімділікке, алғырлыққа, шеберлікке, терең ойлылыққа, ұлттық құндылықтарға баулу.
Ұлы ақынның өмірі мен құнды туындылары біз бен сізге үлкен мұра, рухани мол азық болып табылады.
Абай өлеңдері:
- «Әсемпаз болма әрнеге»
- «Ғылым таппай мақтанба»
- «Күз»
- «Қыс»
- «Жазғытұры»
- «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» оқылды.

Бірінші қарасөзі тыңдалды.
Он жетінші қара сөзінен үзінді.

ІІІ топқа тапсырма:
- І топ «Орындық» ойыны
- ІІ топ «Тас, қайшы, қағаз» ойыны
- ІІІ топ «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті!
@atyrau_bilim
@atyrau_bilim_bolimi
@bilim_sapasy_baqylau
@gylym_jogarybilim
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие


Мектепте де, колледжде де қатар оқы!
2023-2024 оқу жылында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы» ҚР Білім министрлігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығы негізінде эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылады.
Эксперименттік бағдарлама жоғары сынып оқушыларының колледждер базасында жұмысшы біліктіліктерін бір уақытта алуға және мектеп базасында жалпы білім беретін пәндерді игеруге бағытталған. Яғни, 10-11 сынып оқушылары колледж қабырғасында оқу арқылы диплом алып шығады.
Қазіргі таңда «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандығы бойынша 15 оқушы колледж қабырғасында білім алуда. Теориямен тәжірибені ұштастыру мақсатында колледж әлеуметтік серіктес «V6» ЖШС мекемесіне студенттерді алып барды. Бұл жерде мекеме басшысы Тян Денис мырза қызмет көрсету орталығымен таныстырып, қазіргі таңдағы заманауи техникалық қызмет түрлерін көрсетті. Мекеме басшысы дуалды оқыту бағдарламасын қолдау мақсатында қолданыста болған «Hyundai» автокөлігінің моторын колледжге сыйға тартты. Бүгінде құрылғы өндірістік-оқу орталығында сабаққа көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Серіктесімізге көп рақмет!
@atyrau_bilim
@atyrau_bilim_bolimi
@bilim_sapasy_baqylau
@gylym_jogarybilim
@isb_atyrau
@ishkisaiasat_atyrau
#біртұтас_тәрбие