Created: 29 Қазан 2019
2179

Оқу орны тарихы

Атырау көлік және коммуникация колледжінің 65 жылдығына орай Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы және колледждің ұйымдастыруымен инженер-педагогтарға арналған «Бәсекеге қабілетті маман – заман талабы» тақырыбында өңірлік педагогикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Қазіргі білім саласындағы өзгерістер, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, оқытушылардың кәсіби дамуы саласындағы ғылыми-зерттеушілік тәжірибе алмасу мақсатында конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференцияға батыс өңірінен спикерлер қатысып, білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, оның саяси, мәдени кеңістіктегі орны, кәсіби білім мен тәрбие берудегі туындаған мәселелерді шешуге ізденіс, заманауи озық идеялар төңірегінде ғылыми ой-пікірлерін ортаға салды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар беріліп, баяндамалары жинаққа енді.

@atyrau_bilim_bolimi
@atyrau_bilim
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@atyraubilim.media
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие




  • 1958 жылы Исатай ауданы Новобогат («Қамысқала») мекенінде РУ-66 УМСХ ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып құрылған.
  • 1965 жылы СПТУ -37
  • 1971 жылы қалаға көшірілген
  • 1996 жылы №4 кәсіптік техникалық мектеп
  • 2008 жылы №7 кәсіптік лицей
  • 2012 жылдан «Атырау көлік және коммуникация колледжі» КМҚК

 

  • Жалпы ғимарат саны – 6 (тұрған алаңы – 3359,5м2)
  • Жалпы учаске аумағы – 14363 м2
  • Жобалық қуаты – 420 орын
  • Оқу кабинеті – 24
  • Өндірістік оқыту шеберханалары – 8
  • Кітапхана – 25 орын.  Кітап қоры - 12387
  • 2 Информатика кабинеті – 30 орын
  • Акт залы – 200 орын
  • Асхана – 150 орын
  • Спорт зал – 1
  • Медпункт – 1
  • Автодром – 28 га
  • Жүргізу –үйрету арнаулы көлік құралдары – 15