Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген тапсырма берді. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану білім алушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлкен үлес қосады.
Өз бойына туған халқының болмысын жинақтаған, өзге халықты құрметтей білетін, өзіне де, айналасына да сүйіспеншілікпен қарай білетін ұрпақ тәрбиелеу — заман талабы. Осыған орай «Білікті маман — ұлт болашағы» тақырыбында Арнайы пәндер бірлестігінің апталығы басталды. Жалпы апталықтың мақсаты — жаңа технология элементтерін қолдана отырып, студенттердің модуль бойынша арнайы пәндерге және өндірістік сабақтарға қызығушылықтарын арттыру, бойындағы қосымша қабілеттерін дамыту.
@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim
@atyrau_bilim_bolimi
@atyrau_transport_college
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
@bilim_sapasy_baqylau
@group311_
@atyrauoil.official
@atyrauoil_kz
#біртұтас_тәрбие
2023 жылдың 20 қыркүйегінде @atyrau_transport_college Атырау көлік және коммуникация колледжінде “Арнайы пәндер” бірлестігінің жиналысы өтті. Арнайы пәндер бірлестігі ұстаздардың білім сапасын арттыру, студенттерге жаңа методикада сабақ беру, ішкі қағидалар мен талаптарды орындау мақсатын көздейді. Жалпы бірлестік құрамына 25-ке жуық инженер-педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері мүше. Отырыс барысында оқу жұмыс бағдарламасы, жалпы жылдық жоспар, соның ішінде қазан-қараша айларына арналған жоспарлар мен бірлестіктің бірқатар мәселелері қозғалды. Жиналыс кезінде колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанов Қуандық Қуанышұлы және арнайы пән оқытушысы, профессор Ликаров Мұрат Ликарұлы алға қойылған мақсаттар мен студенттерге білім беру барысындағы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.
- Студенттердің білім деңгейін көтеру
- Студенттерге сапалы білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
- Спорттық шаралар мен салауатты өмір салты
- Жарыстар мен байқаулар өткізу
- Ата-анамен байланыс
- Дуалды оқыту іс-тәжірибесін насихаттау
- Ұстаздардың біліктілігін арттыру
Бұл @atyrau_transport_college әрдайым атқарылып келе жатқан жұмыстар, бірақ олар талапқа сай жетілдіруді қалайды.
@atyrau_bilim
@bilim_sapasy_baqylau
@bilim.kz.atyrau
@atyrau.madeniet.sport
@atyrau_bilim_bolimi
@ishkisaiasat_atyrau
@atyrau_pr_manager
@atyrauoil.official
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
Менің мамандығым – менің болашағым: АЭ 3/24 орыс тобы студенттерінің ата-аналар жиналысы
«Ата-анамен тығыз байланыс біздің жұмысымыздың жүйелі, тиімді болуына көмектеседі.»
Ата-анамен байланыс баланың білім алуына ұмтылысын арттырады.
Ата-анамен байланыс баланың бос уақытын тиімді пайдаланып, тек жүрмеуін қадағалауға көмектеседі.
Сондықтан оқу орны ата-анамен байланысты басты назарда ұстайды.
Ол – өз тиімділігін көрсетіп келеді.
Бұл ата-аналар жиналысы да орталықтағы байланысты арттыруға арналған.
Бізбен ықпалдастықта құзырлы органдар сенімді қызмет етеді.
Атырау қаласы Полиция басқармасының инспекторлары Нұртазина Әлия Қайырбайқызы, Сарсенова Динара Сағындыққызы.
Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел-профилактикалық бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Мирәлиев Альбек Русланұлы.
Атырау облысы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Сериков Жеткіншек Жеңісұлы.
Атырау облысы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювенальды полиция бөлімшесінің аға-учаскелік инспекторы, полиция майоры Қуанышов Асылбек Закарияұлы.
Құзырлы орган мамандарының кеңесін тыңдаған ата-аналар балаларын қадағалауды күшейтеді.
Бізбен ықпалдастықта ардагер ұстаздар мен сенімді серіктестер бар.
Атырау көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік серіктесі, «Былина» орыс этно-мәдени орталығының жетекшісі, «Әкелер кеңесінің» алқасы Алексей Александрович Кораблев.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп интернатының директорының орынбасары, Атырау көлік және коммуникация колледжіндегі «Әкелер кеңесінің» алқасы Қайрат Тынымжанұлы.
Олар студентке болашақ мамандығының майталманы болуға, тура жолды нұсқайды.
Біз біріккенде ғана – күштіміз!
Атырау ұстаздары
@bilimatyrau
@atyrau_bilim_bolimi
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау көлік және коммуникация колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесіне білім беру қызметімен айналысуға 2014 жыл 11.09. № 289 «Білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы» бұйрығына сәйкес 11.09.2014 жылы № 14013356 білім беру қызметімен айналысуға бас лицензия және қосымшалары берілген.(жалғанды)