Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы 23 қаңтарда Жастар жылының ашылуына орай елімізде «Жас маман» жобасы бастау алды.
«Жас маман» жобасына 180 колледж қайта жасақтау, жабдықтар сатып алу, шетелдік серіктестерді тарту, оқу бағдарламаларын жаңаша енгізу, өндірістік шеберлер мен оқытушылар мамандықтарын жетілдіру көзделген.
«Жас маман» жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы Министрлігі құзіреттілігіне енгізіп №359 31.05.2019 Үкімет қаулысымен бекітілді.
Еңбек министрлігінен ең қажетті 100 мамандық таңдалды, олар сервистік және индустриалдық мамандықтар болып бекітілді.
Сонымен қатар облыстық әкімдік өңірлік комиссиялар құрылды. Комиссияның шешімімен 180 колледж таңдалып, №4 28 қазан 2019 хаттама арқылы бекітілді. Құрал жабдықтар тізімі WORLDSKILLS стандарттарына сәйкес, өңірлік ассоциалар, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, облыстық әкімдіктер жанындағы бірлесе атқарылды. ЮНЕСКО – тізіміндегі халықаралық беделді ұйымдармен шетелдік серіктестер таңдалды.
Жобаның негізгі мақсаты – әр колледждің материалдық техникалық базасын жаңарту, колледждің дамуына ықпал ету, нарық сұранысын қанағаттандыру арқылы бәсекелестікті арттыру.
Атырау көлік және коммуникация колледжі 2020 жылдан бастап алғашқы жобаға қатысушылардың бірі болып құрал – жабдықтар алынып 5 кабинетпен 4 шеберханаға, автомобиль және газэлектрсварка, жол құрылыс машиналары, автотренажерлер, автомобиль электр жабдықтары,шанақ, автокран , жеңіл және жүк машиналарының еліктеуіш құралдары пайдалануға берілді.
Жобаның негізгі операторы болып «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бекітілді.
Колледж тәжірибесі
Колледжде бұл бағытта кезең – кезеңмен бірнеше мамандықтар және кәсіпорындар таңдалып бекітілді.
Әлеуметтік серіктес кәсіпорындар тарапынан дуалды оқыту бойынша жетекші ретінде тәлімгерлер бекітілді. 392 студент үш жақты келісім шарт жасалып, 18 топ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында реестрден өтті. Жұмыс берушілердің талаптарына сай барлық техникалық мамандықтар «Жас маман» жобасы бойынша алынған жабдықтар, мекемелер үшін таптырмас тәжірбие құралы болып отыр және себебі қымбат жабдықтар кез келген өндірістік мекеме алуға мүмкіндік болмады, жұмыс берушілердің талаптарын оқу орны толықтыруда. Бірлесіп жұмыс жасау өз нәтижесін беруде.
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2021-02-03-12-35-25#sigFreeIdecae89b9ab
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2021-02-03-12-35-25#sigFreeId0b18cf0571
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2021-02-03-12-35-25#sigFreeId6e0fc69db1
«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы болып Кәсіпқор «Холдинг» КЕАҚ белгіленді. «Жас маман» жобасының мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100-ден аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.
«Жас маман» жобасы колледждің оқу-өндірістік базасын жаңартып қана қоймай, 3 мамандық бойынша 1. 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 2. 1402000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» 3. 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді».
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2021-02-03-12-35-25#sigFreeId11871b653c