Буллинг және кибербуллинг жайлы не білеміз?
Жасөспірімдердің арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында @atyrau_transport_college студенттері арасында "Буллинг және кибербуллинг" тақырыбында психолог Сәндібаева Бақытгүл Өмірзаққызының ұйымдастыруымен жеке топтармен жұмыс жүргізу және тренинг сағаты өткізілді.
Буллинг — сөзбен, яғни психологиялық қысым көрсету немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені кемсітуі, қорлауы, үстемдік танытуы. Буллинг негізінде 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер буллингтің құрбаны болады. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың, әлеуметтік желілердің дамуы нәтижесінде буллингтің жаңа түрі кибербуллинг пайда болды. Буллинг пен кибербуллингтен қорғану — алдын алу шаралары.
Балалардың бір-бірін кемсітуі неден басталады? Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қорқыту, кемсіту белгілі бір топқа біріккен жастардың өзінен ерекшеленетін баланы шеттетуден басталады. Балалар көбіне мінезі, ойлау жүйесі, сырт келбеті, өзге де бір ерекшелігіне байланысты кемсітілуі мүмкін.
Қоғамдағы осындай кері әсерлерден баланы қорғау ата-ана мен оқу орнының басты бағыты. Бүгінгі шараның маңыздылығы да осында. Сондықтан білім мен тәрбие, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанатын @atyrau_transport_college ұжымы маңызды шараларды үнемі назардан тыс қалдырмайды. #біртұтас_тәрбие
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2025-01-08-07-01-59/371-2025-01-08-09-32-50#sigFreeId5a7f499f98