13/05/(2022) күні Атырау көлік және коммуникация колледжі базасында, 2020 жылғы 31-желтоқсан ҚР Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы №566 бұйрығы негізінде колледжде Индустриялық кеңес құрылып, 4 құзіреттілік орталығының ашылу салтанаты шарасы өтті.
Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету.
Дәнекерлеу ісі.
Шанақ жөндеу
Автомобильді сырлау құзіреттіліктері ашылды.
"ЖАС МАМАН-2020" бағдарламасы бойынша алынған құрал-жабдықтарды, оқу-өндірістік оқыту мақсатында пайдалану нәтижесін студенттер іс жүзінде көрсетті.
Шараға Облыстық Білім беру басқармасына қарасты, әдістемелік орталық директорының орынбасары Орынбасарова Аққу Елемесқызы бастаған орталық мамандары қатынасты.
Индустриялық Кеңес төрағасы болып, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, "Елсана" руханият клубының атқарушы директоры, Атырау облысы әкелер кеңесінің төрағасы Ермұханов Нұржан Мақсотұлы сайланды.
Кеңестің алғашқы отырысы өтіп, кеңес құрамы бекітілді. Кеңес мүшесі колледж директоры т.ғ.к.,доцент Ниталиев Жанбек Қорғанбайұлы атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып, меморандумға қол қою салтанатына ұласты және колледжішілік WSK чемпионатында жүлделі орын алған студенттер мен өндірістік шеберлері алғыс хатпен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай ауқымды шараға қатысуға ат салысқан біздің әлеуметтік серіктестеріміз:
"Atyrau-Avtopark" ЖШС директоры Мұқашев Ниязбек Бөлекбайұлына,
"Батыс Альянс Строй"ЖШС бас директоры Нұртаев Қайрат Талапұлына,
"Былина"этномәдени бірлестігінің директоры Андрей Александрович Кораблёвке,
"Astana Motoros Atyrau"ЖШС техникалық директоры Уразов Дархан Нұрбергенұлына ризашылығымыз шексіз.
Ортақ іске жұмылдыру және қолдау азаматтық парыз!
View the embedded image gallery online at:
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2023-01-12-15-30-39/294-tekhnikaly-zh-ne-k-siptik-orta-bilimnen-kejingi-bilim-beru-jymdarynda-industriyaly-ke-esti-yzmetin-jymdastyru-zh-nindegi-distemelik-synymdardy-bekitu-turaly-566-b-jry-y-negizinde-kolledzhde-industriyaly-ke-es-rylyp-4-zirettilik-ortaly-yny-ashylu-saltanaty-sharasy-tti#sigFreeIdd811ce5d06
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2023-01-12-15-30-39/294-tekhnikaly-zh-ne-k-siptik-orta-bilimnen-kejingi-bilim-beru-jymdarynda-industriyaly-ke-esti-yzmetin-jymdastyru-zh-nindegi-distemelik-synymdardy-bekitu-turaly-566-b-jry-y-negizinde-kolledzhde-industriyaly-ke-es-rylyp-4-zirettilik-ortaly-yny-ashylu-saltanaty-sharasy-tti#sigFreeIdd811ce5d06