Created: 10 Қантар 2025
17

Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік кеш

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Жастардың эстетикалық талғамын дамытып, Отанды сүюге деген патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кеші өтті.
Кешімізге арнайы шақырылған қонақтарымыз «Републикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалы Атырау облыстық карантиндік зертханасының басшысы Жұмашева Жансұлу Төлепбергенқызы мен Компания Жарна, Селтик - Алва жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің энергетик маманы Шағатаева Сабила Абдирахманқызы желтоқсан қозғалысының сырлы да, мұңлы тарихынан түсінік беруге келген, тарихи оқиғаның куәгері жас ұрпаққа желтоқсанның ызғарлы әңгімелерін айтып, студенттерден сұрақтар қойылып, тұшымды ойларымен бөлісті.
Егемен еліміздің ертеңіне қызмет етуді мақтаныш тұтатын, туған жердің өркендеуіне үлес қосуды перзенттік парызым деп есептейтін Тәуелсіздіктің төл құрдасы Асылбеков Азамат Бисалыұлы тәуелсіздік таңымен бірге түлеген ұрпақ ретінде ой-пікіріңізбен бөлісті.
ҚР Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімі, әскери оркестрінің ефрейторы Кулмурзаков Дәуреннің орындауында Наурызбек жыраудың толғауы мен ефрейтор Жолдаскалиев Нұрбергеннің орындауында «Отан» әні айтылды.
Колледжіміздің түлегі, «Студенттік көктем – 2023» облыстық фестивалінің бас жүлде иегері, жас маман Тұрағұлов Әділ қонаққа келіп, «Атамекен» және «Көк тудың желбірегені» әндерін тарту етті.
@isb_atyrau
@ishkisaiasat_atyrau
@bilim_sapasy_baqylau
@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim
@atyrau_bilim_bolimi
#біртұтас_тәрбие