Created: 09 Қантар 2025
32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар колледжде

Колледжде жемқорлыққа жол жоқ!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Алайда халық парақорлық дертімен жиі кездеседі. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Қоғамдағы көкейтесті мәселе болған сыбайлас жемқорлық — ел ішіне білінбей кірген індет. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз — қоғам. Бұл індетті жою бәріміздің міндетіміз.

Атырау көлік және коммуникация колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Таза сессия» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар колледжде жиі өткізіліп тұрады. Арнайы құрылған «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы да жұмыс істейді. Клуб жетекшісі Сейтова Ирина Сайфеденқызы колледж студенттері мен ұстаздарына дәріс өткізіп, қоғам дамуына кері әсерін тигізетін жат әдеттен алшақ болуға үндейді.

«Саналы ұрпақ» ерікті клубының мақсаты:

Колледждегі құқықтық білімді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.

«Саналы ұрпақ» ерікті клубы — колледж өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі.

«Саналы ұрпақ» ерікті колледж клубы — колледж директоры бекіткен ереже негізінде клубтың жетекшісі бастауымен жұмыс атқарады.

«Саналы ұрпақ» ерікті клубының қызметі осы ереже негізінде жүзеге асырылды.

Клуб жұмысын реттейтін ішкі құжаттарды жетекшісі өзі әзірлейді және колледж директорына ұсынады.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупциялық қызметі РК
#АтырауБілімЖемқорлыққаЖолЖоқ
Жемқорлықсыз қоғам
Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет
Жемқорлықсыз Қазақстан
Білім басқармасы
Атырау ішкі саясат
Жастар саясаты департаменті
Ішкі саясат басқармасы
Атырау қалалық білім бөлімі
#біртұтас_тәрбие