Атырау көлік колледжі құқық қорғау мамандарымен бірлесіп «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Оған Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Абдигани Тойшыұлы Сейдуалиев, Атырау облысы ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Ерлан Валерьевич Бигамбаев, Атырау қаласы ПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Эльвира Бекболатқызы Имангазиева, Атырау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Құралай Жарқынбекова және Атырау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мақсот Қуанов қатысты.
Шарада, Атырау көлік колледжінің директоры Ниталиев Жанбек Қорғанбайұлы жастар арасындағы қақтығыстардың қоғамға зардабы, қылмысқа апаратын жолды кесу бағытында түсіндірме берді. Оқу орны жастары білім алуға келеді, олардың сабақта не тыс уақытта кикілжіңге бой алдыртуына себеп болмауы қажет. Бұл колледж тарапынан қатаң қадағаланатынын баса айтты. Сонымен қатар студенттің оқуға келу уақыты мен үйге баруының қауіпсіздігіне ата-ана да жауапты. Олар колледж өткізген жиналыстарға қатысып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана болашақ ұрпақ қауіпсіздігіне дұрыс жолбағдар жасалған болар еді. Осы міндеттерді жан-жақты білу және орындау осы бағыттағы бірнеше мәселені шешетіні сөзсіз.
@atyrau_transport_college
@atyrau_bilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@atyrau_qalasy_akimdigi
@ishkisaiasat_atyrau
@police.atyrau
@atyrau_police_rota
@police.atyrau
#біртұтас_тәрбие
#атыраужастары
#қылмысқажолжоқ
Created: 09 Қантар 2025
16