Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып есептеледі. Еңбек күні — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыру, қолдау көрсету және шабыттандыру мақсатында белгіленген мереке. Мұндай мереке әр елде атап өтіледі.
Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілген. Атаулы күнге орай, @atyrau_transport_college ұжымы «Елге еткен еңбек еленер» атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: жастардың еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын және жауапкершіліктерін арттыру, еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын және оны бағалау қажеттігін түсіндіру. Шараға еңбектің жемісін көріп жүрген ардагер ағаларымыз Есенгенжин Ғарифолла Қайырлыұлы, Сисенов Қайрат Тынымжанұлы және колледжіміздің ауыр әрі жауапты жұмыстарын абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге шынайы қошемет көрсетілді. Құрметті қонақтардың еңбек жолы слайд арқылы таныстырылды.
Еңбек жолдары жастарға үлгі болған ел ағаларына колледж ұжымы алғыс білдіріп, ақыл-кеңестерін тыңдады. Кәсіподақ атынан сый-сияпат берілді. Құрметті еңбек адамы! Білім саласын өркендетуге сіңірген еңбектеріңізге табыс, сәттілік, қуат, зор денсаулық және отбасылық амандық, береке-бірлік тілейміз!
@isb_atyrau
@ishkisaiasat_atyrau
@atyraubilim.media
@gylym_jogarybilim
@bilim_orkeniety
@bilim_sapasy_baqylau
@atyrau_bilim
@atyrau_transport_college
#біртұтас_тәрбие
Created: 08 Қантар 2025
26