Created: 08 Қантар 2025
13

Ата-аналармен жиналыс өткізу тәжірибесі

Ата-аналар жиналысын ерекше етіп өткізу маңызды. Өйткені колледжге келген ата-анаға бала туралы толық мәлімет берілуі керек. Бұл студенттің оқу үлгерімін арттырып, тәртібіне тікелей байланысты. Осы үрдіс @atyrau_transport_college-де сақталған. Мысалы, 1-курс студенттерінің ата-аналары үшін «Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен көрікті» тақырыбында өткен жиын ұйымдастырылды. Бұл да ата-аналарды мектепке жақындатудың бір тәсілі.

@atyrau_transport_college ата-аналармен жиналыс шарасында ішкі мәселелер мен студенттің тәртібі ерекше қаралды. Колледж тек студенттермен ғана емес, ата-аналарды да белсенді түрде тарту тәжірибесін кеңінен қолдануды көздеп отыр. Бұл ата-аналардың мұғалімге деген құрметін арттырады, қарым-қатынасты нығайтады. Сонда ғана оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстың жақсы болуы ұстаздың біліміне, кәсібилігіне ғана емес, ата-ананың құрметіне де байланысты болары сөзсіз.

- «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды». Шараға Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Құралай Жаркынбекова мен Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Марьяна Джангалиева қатысты.

- «Адал сөйлеп, әділ жүр» ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандарымен колледжде сенім телефондары мен арнайы жәшіктер, алдын алу шаралары үшін қызмет етуде.

- Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталды. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр.

- Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.

- Осы бастама жиналыста кеңінен түсіндірілді.

@atyrau_bilim
@bilim_sapasy_baqylau
@bilim_orkeniety
@gylym_jogarybilim
@atyraubilim.media
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие