Ата-аналар жиналысын ерекше етіп өткізу өте маңызды. Өйткені колледжге келген ата-анаға бала туралы толық мәлімет берілуі керек. Бұл студенттің оқу үлгерімін арттырып, тәртібіне тікелей байланысты. Осы үрдіс @atyrau_transport_college-де сақталған. Мысалы, 2-курс студенттерінің ата-аналары үшін «Менің мамандығым — менің болашағым!» тақырыбында, ал 3 және 4-курс студенттері үшін «Қарап отырма, бір нәрсеге жарап отыр; кәсіп болмай, нәсіп болмас» тақырыбында жиын өтті. Бұл да — ата-аналарды мектепке жақындатудың бір тәсілі.
Колледж шараларды тек студенттермен ғана емес, ата-аналарды да белсенді тарту арқылы өткізу тәжірибесін кеңінен қолдануды көздеп отыр. Бұл ата-аналардың мұғалімге деген құрметін арттырады, қарым-қатынасты нығайтады. Сонда оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстың жақсы болуы ұстаздың біліміне, кәсібилігіне ғана емес, ата-ананың құрметіне де байланысты болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталды. «Ұлттық тәрбие — ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр.
Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
Осы бастама жиналыста кеңінен түсіндірілді.
@atyrau_bilim
@bilim_sapasy_baqylau
@bilim_orkeniety
@gylym_jogarybilim
@atyraubilim.media
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2022-10-15-06-59-29/376-2025-01-08-11-14-03#sigFreeIdf3e3da9376