Created: 08 Қантар 2025
13

Жастардың жаңа идеялармен дамуы

Заманның заңғар тұлғаларының бірі – Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», - деп айтқанындай, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің басы қасында @atyrau_transport_college. Бұл білім ордасында студенттердің дамуына барлық жағдай жасалған. Игі істің басы қасынан қашанда @Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы табылады. Басқарманың қолдауымен “Жастар таңдауы - Атырау” қоғамдық бірлестігі кәсіптік және техникалық оқу орындары студенттерінің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатында “Atyrau Student Union” жобасын дайындады. Осы жоба аясында өзін-өзі басқару көшбасшылары мен жастар ісі комитеті басшыларын оқыту жүзеге асырылып, колледж студенттері сертификатпен марапатталды. Бұл студенттер елінің дамуына үлес қосуға ниет танытқандар, өйткені тұлғалық даму басты қазына. Ішкі рухани дүние берік және биік болғанда өмір сапасы да артады. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті осы жерде айқындалады. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылатын жастар әрдайым ізденімпаз болсын!