Created: 08 Қантар 2025
14

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

@atyrau_transport_college басшылығының ұйғарымымен, пән жетекшілерінің ұйымдастыруымен студенттер құзырлы орган мамандарымен жүздесті.

Мақсат – қылмыстың алдын алу. Өйткені жас буын, енді ғана айналасын бағдарлап үйреніп келе жатқан студенттер айналадағы теріс көзқарас пен әрекеттерге ілесіп кетпеуі керек.

Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуі парыз. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.

Шараға келген учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Мералиев Альбек Русланұлы, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Серіков Жеткіншек Жеңісұлы, кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Салиева Саадат Мағыпарқызы осы мәселені маңызға алып, бағыт-бағдар берді.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті проблемалардың біріне айналып отыр.

Дегенмен, «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.

Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – студенттерді колледжден тыс уақытта қосымша біліммен, үйірмемен қамтылуын дұрыс ұйымдастыруды оқу орны басты назарға алып отыр.

#ЖасұланБисембиев
#Атырауоблыстықбілімбасқармасы
#Атырауоблыстықішкіістербасқармасы
#Атырауқалалықішкіістербөлімі
#Көлікжәнекоммуникацияколледжі
#Құқықбұзушылықтыңалдыналу
#Тәрбиешарасы
#біртұтас_тәрбие