Created: 08 Қантар 2025
14

Сергіту сәті челленджі Атырау колледжінде

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен басталған "Сергіту сәті" челленджін @atyrau_transport_college қабыл алды.

Сағат 11:00-де арнайы сергіту жаттығулары өткізілді. Дене тәрбиесі пәні өтіп жатқан топтар спорт залда, теориялық сабақтар өтіп жатқан топтар кабинетте арнайы жаттығулар жасады.

Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау. Мұнда:
- физикалық, психологиялық стрессті төмендету,
- оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алу,
- физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету,
- балалардың денсаулығын сақтау,
- жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

Оқу орны челленджді ойдағыдай орындады! #біртұтас_тәрбие