Created: 19 Сәуiр 2021
86

Жұмабаев Нұрсұлтан кикбокcингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленді

Атырау көлік және коммуникация колледжінің «Газэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының 3 курс студенті Жұмабаев Нұрсұлтан 2021 жылдың 1 – 4 сәуір аралығында Семей қаласында өткен Кикбокcингтен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында К – 1 бөлімінде 51 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленіп Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломымен марапатталып Атырау қаласының қоржынына бір «Алтын медаль» қосты. Намысты қолдан бермей, көк байрағымызды биікте қалықтата білген жас студент спортшымызға тек жеңісті сәттер тілейміз!