Колледж ата-аналармен бірлесіп қызмет етеді.
Өйткені бала қауіпсіздігі ортақ мәселе.
Балалардың қоғамдағы қауіпсіздігіне полиция да бей-жай қарамайды.
Бірлескен жұмыстардың да нәтижесі жоқ емес.
Жиынға қатысқандар:
Атырау облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы басшысы Ерлан Валерийұлы Бигамбаев.
Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Қазбекқызы Жанғалиева.
Атырау қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Айбек Борисұлы Химиденов.
Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювенальды полиция бөлімшесінің аға-учаскелік полиция инспекторы Асылбек Закарияұлы Қуанышов.
Атырау облысы білім басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы әдіскері Ақтолқын Анесқызы Жұмағалиева.
Атырау қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция инспекторы Нұргүл Қайырболатқызы Сарсенова.
Атырау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Әлібек Русланұлы Миралиев.
№1 Атырау қалалық емхана дәрігері Роза Измұханқызы Елеусинова.
Жиында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша жауап алды.
Сұрақтарын қойып, ашық пікірлесті.
Жиынның осындай үлгіде өтуі тараптарға өз жемісін бермей қоймайды, өйткені ашық алаңда ғана ашық пікір айтылып, мәселе шешімін табады.
Сонымен қатар колледждің психолог-педагог мамандары балаға қатысты түйіткілді проблемаларды ортаға салып, шешімін табуға көмектесті.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, бала денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты барлық жайт бізді толғандырады, колледж әкімшілігі кез-келген жағдайда қолдауға дайын.
#сыбайласжемқорлыққажолжоқ
#ішкісаясатбасқармасы
Атырау ұстаздары
@bilimatyrau
@atyrau_bilim_bolimi
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
Created: 14 Қантар 2025
15