«Поэзия падишасы» облыстық байқауы
«Фариза Оңғарсынованың туғанына - 85 жыл!»
Шараның мақсаты:
Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл.
Шығармаларын дәріптеу, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту.
Қазылар алқасы:
1. Мақпал Қантөреқызы – Атырау облысы білім беру басқармасының «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының» қосымша білім беру әдіскері.
2. Абдрахманова Жұмазия Мажитқызы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі, әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.
3. Ергалиева Жансая Абдикаримовна - Атырау облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» «Бағдарлау, ақпараттандыру және жұртшылықпен байланыс бөлімінің» басшысы.
І. «Сөз анасы - сәлем» таныстыру бағыты бойынша (қатысушы өзін жан-жақты таныстырып, Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына деген қызығушылығын бейнеролик арқылы көрсетеді).
ІІ. «Өлең мен сені аялап өтем…» бағыты бойынша қатысушылар ақын поэзиясынан кез келген өлеңін оқиды (шығармашылық жұмысты ұсыну түрі, ерекшелігі, жатқа айтуы).
Қатысушыларға I, II, III дәрежелі диплом мен Алғыс хат табысталды.
І,ІІ дәрежелі диплом алғандарға Атырау Жастар театрының «Жәннат» спектакліне билет;
ІІІ дәрежелі диплом алғандарға Бейбарыс Хоккей клубынан Мұз айдынына билет берілді.
@bilimatyrau
@atyrau_bilim_bolimi
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
@2.9_zhka_group
@2.9b_agk
@atyrau_politechnic
@caspian_college
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
Created: 10 Қантар 2025
13