Created: 10 Қантар 2025
12

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу

Қылмыс санын қалай азайтамыз?

Өкініштісі, жастар арасындағы қылмыстар қалыпты жағдайға айналып барады. Ал, оның алдын алу үшін не істейміз? Осы жағдайлардың алдын алу үшін баланың бойына жастайынан құқықтық тәрбие мен құқықтық білімді сіңіруіміз қажет. Сол арқылы жасөспірім қылмыстың, заңның не екенін ұғынады. Тек ұғындырып қана қоймай, оларды заңды құрметтеуге, қорғауға және орындауға дағдыландыру өте маңызды іс.
Балалар қылмысының бұлай ушығып, олардың жүректерінің осынша қарайып, қатыгезденіп кетуіне не себеп? Бұл сауал бәрімізді де мазалайтыны анық.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып кеткен жасөспірімдер арасындағы қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу, болашақ ұрпақтың сауатты, өз құқығына берік және көзі ашық азаматтар болуын тәрбиелеу мақсатында колледж студенттеріне:
1. Атырау ҚПБ-ның КПБ басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Э.Мұратов;
2. Атырау ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция майоры Қуаншалиев Асылбек Закарияевич келіп, түсінік жұмысын жүргізді.

@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim_bolimi
@atyrau_bilim
@ishkisaiasat_atyrau
@police_atyrau.06
@police.atyrau
@atyrau_police_rota
#біртұтас_тәрбие