Created: 23 Қыркүйек 2022
17

09.09.2022 ж Отбасы меркесіне орай дәстүрден тыс діни ағымдардың көздеген мақсаттарын айқындап көрсету арқылы отбасылық құндылықтарды арттыру мақсатында ІІІ, ІV курс студенттеріне

09.09.2022 ж Отбасы меркесіне орай дәстүрден тыс діни ағымдардың көздеген мақсаттарын айқындап көрсету арқылы отбасылық құндылықтарды арттыру мақсатында ІІІ, ІV курс студенттеріне «Отбасы құндылығы және ұлттық тәрбие» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді.
Семинар – тренингте адам өміріндегі ең басты, ең құнды нәрсе – отбасы. Бала отбасында қандай тәрбие алса, өмір жолы солай жалғасатынын айтып, ұлттық тәрбиедегі отбасылық құндылықтың маңызына тоқталды. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі әлеуметтік желілерді жиі қолданатын болғандықтан әрбір ақпаратқа мұқият болуға шақырды. Шара соңында белсенді қатысқан студенттерге арнайы сыйлықтар берілді.
Семинар – тренингке
1. Облыстық Ардагерлер кеңесінің және АТТ мүшесі Мұхамбет Серік Қалжанұлы
2. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директорының орынбасары Құбышев Мейірбек Ғайнеденұлы
3. «Шапағат» ҚҚ – ның дінтанушы, тарихшы маманы Абзалов Ернар Абзалұлы
4. Облыстық АТТ мүшесі Юсупова Нұржамал
5. «Шапағат» ҚҚ – ның психолог маманы Құбышева Гульвира Гибатуллақызы
6. «Шапағат» ҚҚ – ның маманы Жексенова Айсұлу Ораққызы
7. «Шапағат» ҚҚ – ның психолог маманы Самирова Фатима Ерланқызы қатысты.