Created: 03 Наурыз 2022
55

«Алғыс айту» күніне орай салтанатты жиын өткізілді

Атырау көлік және коммуникация колледжінде студенттерге «сыйластық» құндылығын кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту» күніне орай салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында колледж психологы Б.Сандибаева Қазақстан халқы 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын шығу тарихына тоқталып, Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі екенін студент – жастарға түсіндірді.
Шара барысында 1 курс студенттері алғыс күніне орай көркем сөздер оқып,өз тілектерін білдірді.