Created: 20 Желтоқсан 2021
74

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күнге арнап колледж студент жастары «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, ежелден үлкендерді сыйлап өсеміз деген мақсатпен қаламыздың №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз ел – Қазақстан» тақырыбында мерекелік кеш өткізді.

Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсатының бірі – студенттерді әдептілікке, ата-ана борышын ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Концерттік бағдарламада Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңдері ескеріліп, Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөздер айтылды.

Тебіренте әндер шырқалып, ұлттық назды терме орындалып, сахналық көріністер қойылды. Кеш соңында қариялар жастарға баталарын беріп, ізгі ниеттерін, ризашылықтарын білдірді. Қарттарымызды кадірлей білейік!