Created: 29 Қыркүйек 2021
62

Волейболдан ұлдар арасында облыстық спартакиада өткізілді.

21 – 22 қыркүйек күндері Атырау спорт кешенінде Атырау облысы Білім беру басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай колледж студенттерінің облыстық Спартакиадасының ашылу салтанаты, волейболдан ұлдар арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Атырау көлік және коммуникация колледжінің командасы 10 құрама командының ішінен 6 орын иеленді.
2021 жылдың 21 қыркүйектен – 25 желтоқсан күндері аралығында спорттың 10 түрінен волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, баскетбол 3х3, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, шаңғы тебуден жарыстар өткізіледі. Қатысушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!