Created: 19 Сәуiр 2021
96

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт –дәстүрімізді насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Арыстанғалиев Мараттың ұйымдастыруымен «Тоғызқұмалақ» ойыны өткізілді. Сайысқа 17 студент қатысып, №1 мамандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Сулейменова Айнагуль Тынышкалиевна төрелік етті. Сайыста студенттер дипломдармен және алғыс хаттармен марапаталды.


І орынды - Дтм 19 топ студенті Исаев Әлнұр

ІІ орын - АС 19 топ студенті Бранов Асыланбек

ІІІ орын - ЭТМ20 топ студенті Роулов Дархан

ІІІ орын - АЭ 20 топ студенті Қайрошев Нұрлан