Created: 29 Қазан 2019
900

Директор туралы

НИТАЛИЕВ  ЖАНБЕК  ҚОРҒАНБАЙҰЛЫ

 техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Туған жылы:   18.01.1969 жыл

 

Білімі:   Жоғары - техникалық

1986-1987 жылдары Гурьев қаласындағы №1 кәсіптік–техникалық училищесі.

1989-1994 жылдары Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығының «Таукен -инженері» біліктілігі.

2003 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Мұнай-газ ісі» бағыты бойынша техника және технология «магистр» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

2005 жылы 25.00.15 – «Бұрғылау технологиясы және ұңғыны игеру» мамандығы бойынша «техника ғылымдарының кандидаты» дәрежесін қорғады.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Машина жасау және машинатану» мамандығы бойынша «доцент» атағы берілді.

 

Еңбек жолы:

1994 - 2006 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары қызметтерін атқарды.

2006 - 2011 жылдар аралығында институт жанындағы мұнай-газ, мұнай-химия және машина жасау өндірістері мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталығының директоры.

2011-2018 жылдары МКҚК «Маңғыстау политехникалық колледжінің» директоры қызметің атқарды.

2018 жылдан бастап МКҚК «Атырау көлік және коммуникация колледжінің» директоры болып тағайындалды.

 

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі