Created: 14 Желтоқсан 2017
993

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ»

 

Мақсаты: Ата – баба дәстүрін насихаттау, отбасылық дәстүрді ұлығылау, әдеп – ғұрыпымызды заманауи тәрбиенің өзегіне айналдыра отырып, ұрпақ санасына сіңіру.

Осы шараға байланысты, колледжде ұлттық құндылықтарды насихаттауда ашық сабақтар, тәрбие сағаттары қазақтың ұлттық - спорттық ойындары, театрландырылған көріністер, өндірістік оқыту мамандарының дайындаған «Ауыл көрінісі» атты экспозциялық көрме, сурет, эссе, поэзия, Абайдың қара сөздерінен оқудан жарыс, үш тіл – тұғырым, әскери – патриоттық ойындар, бозбала мен бойжеткен клубы жұмыстарынан шаралар өтті . Шараға облыстық Білім басқармасының Әдістемелік орталығының бөлім басшылары: Қапсих Жандарбек, Зина Керейқызы Ізтілеуова. Атырау облысы, қалалық жастар ісі, қоғамдық ұйымдары өкілдері, дін істері басқармасының, қоғамдық келісім , БАҚ өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінен Абат Кенжеғалиұлы, әлеуметтік серіктестер қаладағы колледждердің инженер – педагогтары қатысты.