Атырау көлік және коммуникация колледжінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Білім күні - Бейбітшілік күні» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті!
🇰🇿 Іс-шара Мемлекеттік Тудың көтерілуі мен Әнұран орындалуымен басталып, ерекше рух берді.
Жиын барысында колледж директоры, т.ғ.к., доцент Жанбек Қорғанбайұлы Ниталиев жылы лебізін білдіріп, 1-курс студенттерін жаңа белестерге шабыттандырды.
Ардагер ұстаз Ерболат Даулетказиев ұрпақ сабақтастығы туралы әсерлі ойымен бөлісіп, білімге деген құрметтің үлгісін көрсетті.
Ата Заңымыз - ҚР Конституциясының 30 жылдығы аталып өтіп, тәртіп пен заңның қоғамдағы орны айтылды.
2025 жыл - Жұмысшы маман жылы ретінде аталып өтіп, техникалық білімнің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Білім беру басқармасынан арнайы келген Айнагүл Сергеевна Кабиева құттықтау сөз сөйлеп, колледждің жетістіктерін атап өтті.
Сонымен бірге, колледжіміздің сенімді серіктесі, қоғам қайраткері, кәсіпкер Андрей Александрович Кораблевке ерекше алғыс білдірілді. Ол «Жас маман» жобасы аясында теориялық кабинет жабдықтап, студенттерге өндірістік шеберханаларын ұсынып, дуалды оқыту жүйесін дамытуға атсалысып келеді. Сондай-ақ колледж ауласына спорттық алаң салып, жастарға үлкен қолдау көрсетті.
Кәсіби бағытта еңбек еткен бірқатар ұстаздар марапатталды.
Колледж әкімшілігі мен жаңа кураторлар таныстырылып, ата-аналар мен студенттерге ашық әрі жылы орта құрылды.
Ата-аналар атынан сөз сөйлегендер студенттерге сенім артып, колледж ұжымына алғысын білдірді.
Топ жетекшілері кабинеттерге бағыттап, танысу және бейімделу сағаттарын өткізуге кірісті.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтіп, студенттерге жарқын болашаққа жол ашты.
Жаңа оқу жылы сәттілік пен табысқа толы болғай! Баршаңызға - Білім күні құтты болсын!
Осындай игі істер - білімге, жастарға деген шынайы қамқорлықтың айқын көрінісі.
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/451-bilim-k-ni-bejbitshilik-k-ni-saltanaty#sigFreeIdd826853b3b