Көлік және коммуникация колледжінде - 2025-2026 оқу жылына арналған алғашқы педагогикалық кеңес өтті!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тамыз конференциясында: «Білім - ел болашағының кепілі. Ұстаздың беделі - ұлттың мерейі» деген болатын. Осыған орай біздің колледж ұжымы да жаңа оқу жылына жаңашылдықпен, тың серпінмен кірісуде. Онда айтылған тапсырмалар мен міндеттер педагогикалық кеңес отырысында қолдау тапты.
Кеңес барысында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған 4 маңызды мәселе қаралды:
Жылдық жоспарды бекіту
Қабылдау комиссиясының қорытындысы
Оқытушылардың 2025-2026 оқу жылына арналған тарификациялық жүктемелерін бекіту
Колледждің ішкі жұмыс барысына қатысты мәселелерді талқылау
Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждің бірқатар мамандары Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ Білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
Бұл - жұмысшы мамандықтар жылына орай мамандарға жоғары баға, жаңа белестерге бастайтын үлкен мотивация!
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/450-k-lik-zh-ne-kommunikatsiya-kolledzhindegi-al-ash-y-pedagogikaly-ke-es-2025-2026#sigFreeIdb23d6c9878