Created: 09 Қантар 2025
18

Инженер-педагогтарға арналған конференция өткізілді

Атырау көлік және коммуникация колледжінің 65 жылдығына орай Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы және колледждің ұйымдастыруымен инженер-педагогтарға арналған «Бәсекеге қабілетті маман – заман талабы» тақырыбында өңірлік педагогикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Қазіргі білім саласындағы өзгерістер, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, оқытушылардың кәсіби дамуы саласындағы ғылыми-зерттеушілік тәжірибе алмасу мақсатында конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конференцияға батыс өңірінен спикерлер қатысып, білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, оның саяси, мәдени кеңістіктегі орны, кәсіби білім мен тәрбие берудегі туындаған мәселелерді шешуге ізденіс, заманауи озық идеялар төңірегінде ғылыми ой-пікірлерін ортаға салды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар беріліп, баяндамалары жинаққа енді.

@atyrau_bilim_bolimi
@atyrau_bilim
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@atyraubilim.media
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие