Created: 09 Қантар 2025
46

Республика күніне орай спорт алаңының ашылуы

Атырау көлік колледжінде ақ түйенің қарны жарылған күн болды. 25 қазан – Республика күніне орай спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Спорттық-патриоттық шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелініп, Гимн ойналды.

Сондай-ақ шараға колледждің әлеуметтік серіктестері де қатысты. Солардың бірі – өзгенің қуанышын артық көретін азамат, колледждің әлеуметтік серіктесі «Колизей» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің бас директоры Андрей Александрович Кораблев оқу орнымыздағы жастарға заманауи білім алуына жағдай жасап, арнайы пән кабинетін күрделі жөндеуден өткізіп, қайта жабдықтады және жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау үшін спорт алаңын сыйға тартты. Осылайша, колледждің материалдық-техникалық базасы нығайды.

«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат», деп аталар мен әкелер дәстүрін дамытып, жас ұрпақтың санасына ұлттық сәуле түсіру мақсатында аянбай еңбектеніп жүрген облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы да шараға қатысты. Атырау білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы да атсалысты.

Көптен күткен тарихи сәт – спорт алаңының салтанатты лента қию рәсімі өтті. Оған облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, әлеуметтік серіктес «Колизей» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің бас директоры Андрей Александрович, колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ниталиев Жанбек Қорғанбайұлы қатысты.

Шара «Колизей кубогы» облыстық студенттер арасында кіші аяқ доп жарысымен жалғасты. Оған:
1. Атырау жоғары медициналық колледжі,
2. Атырау энергетика және құрылыс колледжі,
3. Атырау сервис колледжі,
4. Атырау индустриалдық колледжі,
5. Х.Досмухамедова атындағы Атырау университетінің жанындағы дарынды ұл балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернаты,
6. Атырау көлік және коммуникация колледжінің құрама командалары қатысты.

@atyrau_transport_college
@atyrau_bilim
@gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
@jastar_sayasaty
@atyrau_korganys_baskarmasy
@kolizey_stav
@atmedcol_parlaments
@ask_studentteri
@aik_college20
@agu.fkis.nvp
#біртұтас_тәрбие