Created: 09 Қантар 2025
47

Жас мамандармен жұмыс жоспары бекітілді

Жас мамандармен жұмыс жүргізу, бағыт-бағдар беру, тәжірибелі педагогтардың міндеті. Бұл қағида Атырау көлік колледжінің үрдісіне айналған. Осы бағыттағы шаралар жыл бойына жалғасады.

Жұмыс жоспары мен мақсаты белгіленді.

Жас мамандарға арналған жадынама «Жас маманның өзін-өзі ұстау және араласу ережелері» бекітілді.

Жас маман сауалнамасы жүргізіледі.

Жас маманның педагогикалық күйзеліс пен стреске төзімділігін анықтауға арналған тест өткізіледі.

Ағымдағы мәселелер талқыланады.

Жас мамандардың кәсіби біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттырудың тиімді нысандарын қолдану, кәсіби білімді өз бетімен меңгеруге қажетті ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету.

«Баяндама жасауға, сөз сөйлеуге қалай дайындаламыз» жадынамасы ұсынылады.

Сенімділік пен студенттермен жұмыс істеу ниетін дамыту. Кәсіби сапаларды, ұжымшылдықты, таңдаған кәсіпке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Осы жұмыстар өткізіліп, жас мамандарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетілді.

@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim
@bilim_sapasy_baqylau
@atyrau_bilim_bolimi
@ishkisaiasat_atyrau
@isb_atyrau
#біртұтас_тәрбие