Студенттердің денсаулығын сақтау – басты міндет. Ол үшін алдын алу шараларының маңызы зор. Қоғамда кең таралып жатқан ауру түрлерін айтып, сақтандыру колледж медбикесі Елемесова Балзира Иманғалиқызының міндетіне кіреді. Сол себепті білікті маман ата-аналарға ескертпе жасап, студенттердің денсаулығына қырағылықпен қарайды.
Бүгін @atyrau_transport_college мамандары қызылша дертіның көп таралып жатқанын және одан сақтану жолдарын түсіндірді.
Кең таралған жіті инфекциялық ауруда дене қызуы 38-40°C дейін көтеріледі.
Мұрын, көз, тамақ қабынуы, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.
Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі.
Қызылшаның симптомдары.
Аурудың өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды.
Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы диагнозды растайды.
Тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды.
Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді.
Осы белгілер байқалса, дереу оқшауланып, ем қабылдау үшін дәрігерге жүгіну қажет. Әр адамның денсаулығы өз қолында. Өздері ауырып қана қоймай, айналасындағы жандардың денсаулығына да қауіп төндірмеуі қажет.
@gylym_jogarybilim
@atyrau_bilim
@atyrau_bilim_bolimi
@densaulykatyrau
@healthcare.gov.kz
#біртұтас_тәрбие
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/383-2025-01-08-12-54-49#sigFreeId9070cdd495