Created: 08 Қантар 2025
56

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі

«Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Десе де, студенттердің, соның ішінде шалғайдан келіп оқитын жастарды тұрғылықты жермен қамтамасыз ету жыл сайын @atyrau_transport_college атқаратын басты шаралардың бірі. Осы міндетті ойдағыдай атқару үшін колледж мамандары жатақханалардың жай-күйі мен бөлу кезіндегі жұмыстарға қатысатын арнайы комиссия маманымен жүздесті. Жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі 2016 жылы 66 бұйрықта осы арнайы жұмыс тобын құрған. Комиссия құрамында Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Закария Әлібиұлы да бар. Ол колледж ұжымымен кездесіп, жатақхана мәселесіндегі мән-жайларды сұрап, жұмысқа қатысты кеңесі мен бағыт-бағдарын айтты. Колледж ұжымы арнайы мамандардың қатысуымен жауапты міндетті ойдағыдай атқарып, жастардың сапалы білім алуына бір қадам жасады.