Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау көлік және коммуникация колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны төмендегідей бос лауазым орнына хабарландыру жариялайды:
2024 - 2025 оқу жылында төмендегідей лауазым бойынша мамандар қажет.
Директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары - (тұрақты лауазым) - 1 орын.
Әдіскер - (тұрақты лауазым) - 1 орын.
Әлеуметтік педагог - (тұрақты лауазым) - 1 орын.
Жастар ісі жөніндегі инспектор - (уақытша лауазым) - 1 орын. Информатика пәні оқытушысы - (қазақ және орыс топтарына тұрақты лауазым) - 2 орын.
Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы - (тұрақты лауазым) - 1 орын.
Дене тәрбиесі - (қазақ және орыс топтарына тұрақты лауазым) - 3 орын.
Экономика пәні оқытушысы - (қазақ және орыс топтарына тұрақты лауазым) - 1 орын.
Арнаулы пән оқытушысы (Дәнекерлеу ісі мамандығына) - (қазақ топтарына тұрақты лауазым) - 2 орын.
Арнаулы пән оқытушысы (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығына) - (қазақ топтарына тұрақты лауазым) - 1 орын.
Арнаулы пән оқытушысы (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығына) - (орыс топтарына тұрақты лауазым) - 1 орын.
Арнаулы пән оқытушысы (техник - электромеханик біліктілігіне) - (қазақ топтарына тұрақты лауазым) - 1 орын.
Лаборант - (химия, информатика, физика, тұрақты лауазым) - 3 орын.
Конкурс тамыз айында өткізіледі,қосымша жарияланады, конкурсқа құжаттар төмендегі тізім бойынша қабылданады:
1) Құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; (директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымына «автокөлік», «машина жасау» салалары бойынша техникалық бағыттағы жоғары білімі болуы қажет)
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Лауазымға орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог - модератордың немесе педагог - сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) - 6,5 балл;
12) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Created: 13 Тамыз 2024
36