Created: 22 Мамыр 2024
8

Поэзия Падишасы

“ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ” ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ «ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА -85 ЖЫЛ! ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист «Фариза Оңғарсынованың туғанына – 85 жыл» Шығармаларын дәріптеу, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ 1. Мақпал Қантөреқызы – Атырау облысы білім беру басқармасының «Балаларға қосымша білім беру оқу – әдістемелік және ғылыми практикалық орталығының» қосымша білім беру әдіскері 2. Абдрахманова Жұмазия Мажитқызы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі, әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты 3. Ергалиева Жансая Абдикаримовна - Атырау облыстық Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» «Бағдарлау, ақпараттандыру және жұртшылықпен байланыс бөлімінің» басшысы І. «Сөз анасы - сәлем» таныстыру бағыты бойынша (қатысушы өзін жан-жақты таныстырады және Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына деген қызығушылығын бейнеролик арқылы көрсетеді) ІІ. «Өлең мен сені аялап өтем…» бағыты бойынша қатысушылар ақын поэзиясынан кез-келген өлеңін оқиды (шығармашылық жұмысты ұсыну түрі, ерекшелігі, жатқа айтуы) Қатысушыларға I, II, III дәрежелі дилом мен Алғыс хат табысталды. І,ІІ Дәрежелі диплом алғандарға Атырау Жастар театрының «Жәннат» спектакліне билет; ІІІ Дәрежелі диплом алғандарға Бейбарыс Хоккей клубынан Мұз айдынына билет берілді