Атырау көлік және коммуникация колледжінің ІІ курс, ТМ 1/22 топ студенттері мен топ кураторы Махамбет Харипов қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың шығармаларын дәріптеу, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, студенттердің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту мақсатында топ сағатын өткізді.
Ақын шығармаларының ешкімге ұқсамайтын өзіндік қырлары, үні бар. Қаламгердің жырлары құрылымы жағынан болсын, мән-мағынасы жағынан болсын, философиялық ойлары тұрғысынан болсын ерекше сипатқа ие. Фариза ақын поэзиясының ең басты кейіпкері – қазақ қызы, олардың махаббаты, ар-намысы, арманы, құпиясы болып табылады. Қазақ қызының ар-намысын бәрінен жоғары қойған ақын өлеңдері қыз баласын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Ақын өз шығармаларында поэзияны жанына серік етіп, қуанышы мен қайғысын, сыры мен мұңын бөлісетін жан досына айналдырған.
View the embedded image gallery online at:
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/304-fariza-o-arsynova-shy-armashyly-y#sigFreeId2a403f4466
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/304-fariza-o-arsynova-shy-armashyly-y#sigFreeId2a403f4466