Created: 22 Мамыр 2024
26

Тәртіпке Бағынған Құл Болмайды!

Атырау көлік және коммуникация колледжінде «Тәртіпсіз ел – ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында студент жастардың заңдылық шеңберінде қорғалуын және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын бағалау, оқу орнын құрметтеу, бұқаралық ақпараттық құралдарын дұрыс жолда пайдалану, жалпы құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында және жастардың уақытын тиімді жұмсау керектігі жөнінде кеңес беру үшін ІІ курстар, ІІІ курс ЭТМ 21, ДТМ 21, ГЭС 21, ЖҚМ 21, ІV курс ТМ 20, 10 айлық ТМ 23, АК 23 топ студенттеріне құзырлы орган мамандары кездесу өткізіп, аталған мәселелерді түсіндірді.

<pdir="auto">Кездесуге: <pdir="auto">1. Атырау облыстық прокуратурасының бөлім басшысы Бекарыс Жандарбекұлы

2. Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Бозаев Жеңіс Исламұлы.

<pdir="auto">3. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы талдау бөлімінің басшысы Кабекенова Ақдидар Абайқызы келді. <pdir="auto">​Мамандар студент жастарға бейнероликтер арқылы фактілерге тоқталып, тәртіпсіздіктің артында жауапкершілік тұратынын және заңмен жауап беретіндігі нақтылап айтылды. <pdir="auto" style="text-align: justify;">Сонымен қатар Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының маманы студенттік жастық шақтың күш-қайратын қайда, қалай жұмсау керектігі жөнінде кеңес беріп, жастардың қоғамда жан-жақты дамып, жетілуі үшін жасалып жатқан жаңа бағдарламалармен таныстырып, тегін үйірмелерге шақырды.