Created: 22 Мамыр 2024
10

Ұлы Тұлғалардың Тарихы Мен Тағдыры!

Атырау көлік және коммуникация колледжі
Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы – туғанына 165 жыл,
Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин – туғанына 130 жылдығына байланысты ұлы тұлғалардың еңбегін дәріптеуге тағдырын көпшілікке таныту, жастардың шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында «Ұлы тұлғалардың тарихы мен тағдыры » атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеште 1-курс студенттері Сәкен және Шәкәрім деп 2 топқа бөлініп ой жарыстырды. Студенттер “learningapps”платформасы арқылы тарихи тұлғалары туралы мәліметтерін пысықтады. Және жыр шумақтарын жатқа оқып, поэзия тізбегін жасады.
Студенттер С.Сейфулиннің “Ананың хаты” өлеңінен шағын көрініс қойып, “Батырлар ұраны” әнімен әдеби кешті аяқтады. Қатысушылар кештен тамаша әсер алды.
Ұйымдастырушылар ГЭС- 23 тобының топ жетекшісі Мынтурганова Жадыра , Аш - 23 тобының топ жетекшісі Әдна Бота Рахимқызы.
Шарада жастардың қазақ әдебиеті мен туған тарихына көзқарастары айқын көрініс тапты.