Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу мақсатында «Отбасы бақыты» тақырыбында тимбилдинг-кездесу өтті.
Тимбилдинг-кездесуіміздегі жұмыстарды әділ қазылар саралады.
Шарада алдымен сергіту сәті жасалып, үй тапсырмасы қаралып, студенттер түсірген видеоларын қорғады. Мұнда студенттер ата-аналарының жұмыс орнына барып, ата-анамның 1 күндік жұмыс күні деп, видеоролик түсіріп, көрсетті.
Ары қарай «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» арқылы сөйлемдер оқылып, ата-аналар жалғастырды.
Топтық жұмыс «Айтпасаң да сеземін» бөлімінде (ата –ана мен баласы бірге орындады) әр студент анасының / әкесінің арқасына парақ қойып,сурет салды. Анасы/ әкесі ненің суреті екенін тапты.
«Саған айтқым келеді...» бұл жаттығу кездесуіміздің шешуші кезеңі болды. Ата-аналар мен балалары бір шеңберде тұрады. Ата-анасы баласына төмендегідей сөздерді айта бастайды: «Қымбатты ұлым, саған бұрыннан бері айтқым келгені...» деп сөйлемдерін жалғастырды.
«Отбасы бақыты» тақырыбында тимбилдинг-кездесуімізге қатысқан
І курс топ студенттері мен ата-аналары колледж директорының Алғыс хатпен марапаттады.
Аталған жұмыстар жыл сайын, білім қабырғасында жиі өткізіліп келеді. Аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған колледж әдіскері Жұмағалиева Ақтолқын Әнесқызы! Мұндай кезлесулер ата-ананың оқу орталығымен байланысын нығайтып, сенімділік қалыптастырады.
https://transport-kollege.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/298-ata-ana-men-bilim-ordasyny-bajlanysyn-ny-ajtu#sigFreeId918c945df8