Created: 23 Қыркүйек 2022
40

21.09.2022 ж «Деструктивті діни ағымдардың интернеттегі контенттері», «Руханият – ұлттық тұтатықтың кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді

21.09.2022 ж «Деструктивті діни ағымдардың интернеттегі контенттері», «Руханият – ұлттық тұтатықтың кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастарға дін жайында ақпарат беру, олардың теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу.
Кездесу барысында дінтанушы-теолог мамандары ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы сөз қозғап, қазіргі таңдағы діни ахуал, кереғар діни ағымдардың шығу себебі мен қоғамға тигізер зияны және олардың алдын алу шаралары, бүгінгі таңдағы әлеуметтік желілердегі түрлі діни ақпарат көздерін келетін қауіп-қатерлер жайлы кеңінен ақпараттар берілді.
Студенттер өздеріне осы тақырыптағы көптеген пайдалы ақпаратпен танысып, қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.
Кездесуге қатысқан мамандар
1. Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениет университеті діни ұстазы экстремизмге қарсы іс – қимыл орталығының директоры
2. Оразов Амангелді Қалдыбайұлы «Жәрдем – Атырау» КҚ – теолог маманы.
3. Айтмагамбетов Артур Алтайұлы «Жәрдем – Атырау» КҚ – дың директоры, теолог.