Created: 17 Мамыр 2022
31

Ашық форматта пікір - сайыс бағытында өтті

16-мамырда Атырау көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, Атырау облыстық маслихатының депутаты Габдуллин Айбек Серікұлы 5-маусымда өтетін жалпы ұлттық Референдумда ата заңға енетін өзгерістерді колледж ұжымымен талқылап, талқылау ашық форматта пікір - сайыс бағытында өтті,

Сенатор елдегі ахуалды, саяси партиялармен билікпен бұқараның арасындағы кейбір келеңсіздіктерге ашық тоқталып, "Жаңа Қазақстан" жаңару жолына бағыт алғанын, экономикалық өзгерістер мен реформаларды халықтар толық қолдайтынына, осындай кездесулерді Сенат отырысына жеткізетінін айтты.

Пікір - сайысқа қатысқандар өз ойларын ашық айтып, жаңару жолындағы өзгерістерді Референдумға қатысу арқылы "Жаңа Қазақстан" құрылады деген сенім білдірді.