Created: 02 Қыркүйек 2019
1213

"Адалдық сағаты" болып өтті

2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына орай, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Атырау көлік және коммуникация колледжінде бүгін, яғни 02.09.2019 жылы "Адалдық сағаты" болып өтті.

Аталмыш шараға лекторлар ретінде "NurOtan" партиясының Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Турдалиев Әділбек Олжабайұлы, "NurOtan" партиясының Атырау қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төраймы Рахимова Салтанат Асқарқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдың алу басқармасының бас маманы Өтешова Нұрзила Сарсенқызы қатынасты.