Created: 15 Наурыз 2019
1820

АТЫРАУ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІНЕ 60 ЖЫЛ!!!

Колледждің 60 жылдық мерейтойы  «Әз Наурыздың айшықты  бастауында, Колледж міне, 60 жыл асқарында» атты  тақырыпта тойланып өтті. Мерекелік шара Атырау қаласы, Құрманғазы мәдениет үйінде салтанатты ашылумен басталып, «Наурыз» мерекесіне орай колледж аланында салт-дәстүрге сай мерекелік концертпен жалғасын тапты.


Колледждің 60 жылдық мерейтойына Атырау облысы Білім басқарамасы,  Атырау облысы Кәсіпкерлер Палатасы, оқу орнының әлеуметтік серіктес мекемелерінің өкілдері, «Елсана» руханият клубының мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Атырау  қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Жанұзақов Ислам Исағалиұлы,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ғалымжанова Маржан Анесқызы, Атырау облыстық кәсіподақ төрағасы Сүндетов Қылышбай Сүндетұлы,   Атырау облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары, оқу орының ардагер ұстаздары, қызметкерлері, ұрпақтары құрметті қонақ болды.