Created: 12 Ақпан 2019
1372

КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ИНЖЕНЕР-ПЕДАГОГТАРЫМЕН, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

08 ақпан 2019 жылы Атырау көлік және коммуникация колледжінің базасында Қазақстан Республикасы мәжіліс депутаттары Хаменова Бақтыгүл Қайыржанқызы, Смагулов Асылбек Айжарықұлы, Атырау қалалық "НұрОтан" партиясы төрағасының орынбасары Зайдуллин Адилбек Жайдарбекұлы Облыстық Білім беру басқармасына қарасты кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің инженер-педагогтарымен, қызметкерлерімен кездесті. 

 

Қазіргі кездегі қоғамдық өзгерістер мен елдегі саяси ахуалдан бастап "Педагог мәртебесі" тақырыбы, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауындағы мәселелер кеңінен талқыланды. Депутаттар Б.Қ.Хаменова мен А.А.Смагулов кәсіптік білім саласындағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелерге тоқталып, сұрақтарға нақтылы жауаптар берді. жалпы мұғалім мәртебесіне қатысты, еңбек ақы, оқытудың озық әдістерін енгізу, тегін кәсіптік білім беру мәселесіне баса назар аудару бағыттарында әңгіме өрбіді. Кездесуді колледж директоры т.ғ.к, доцент Ж.Қ.Ниталиев жүргізіп отырды.