18 қазан күні колледж студенттері өздері жақтаған үміткерлерге дауыс берді. Сайлауға арнайы бақылаушылар сайланып, комиссия мүшелері құрылды. Бақылаушы сайлаудың әділ өтуін қадағалады, ал комиссия мүшелері әрбір студенттің сайлауға қатысқандығын дәлелдеу үшін, студенттің қолын қойдырып, дауыс беруге арналған арнайы бюллетеньдерді таратты. Дауыс беру аяқталған соң, арнайы сайланған комиссия мүшелері барлық дауысты санап, жаңа президентті анықтады.